Бізге жазылыңыз:

Алматыда инфляция деңгейі 13,2% болды

Алматыда инфляция деңгейі 13,2% болды

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов мәлімдеді.

Алматы қаласында тоғыз айдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 13,2%-ды құраған. Олжас Смағұловтың айтуынша, әкімдік бағаны тұрақтандыру және ақылы қызметтер нарығын бақылау жұмыстарын жалғастырып отыр.

«Біздің басым бағыттарымыздың бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты деңгейде ұстау. Өйткені бұл әр отбасының өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сол себепті біз жүйелі әрі жедел түрде әрекет етеміз», – деді Олжас Смағұлов.

Қала әкімдігінің дерегіне сәйкес 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарбойынша жалпы көлемі 26 мың тоннаөнімге келісімшарт жасалған. Өнімдер Алматыға делдалсыз, ірі өндірушілерден тікелей жеткізіледі. 

Ұқсас материалдар