
АЖК өкілдері тарифтің көтерілуін бірнеше факторға байланыстырып отыр:
- Өз желілері бойынша тасымал тарифі: 2025 жылғы 1 тамыздан бастап АЖК-ның электр энергиясын тарату қызметінің бағасы 12,96 теңгеден 14,25 теңгеге дейін көтерілген. Сонымен қатар 1 қазаннан бастап қосымша 13,99 теңгелік өтемдік тариф енгізілмек.
- KEGOC тарифі: Ұлттық оператор 2025 жылғы 1 сәуірден бастап өз желілері бойынша электр энергиясын тасымалдау бағасын 3,66 теңгеден 5,41 теңгеге дейін қымбаттатқан.
- Өндіріс шығындары: Энергияны сатып алу құнына индустриялық аймақтарға жеткізу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) алынатын электр энергиясының қымбаттығы әсер етеді.