
2025 жылы Алматы қаласында кәсіпкерлікті субсидиялау, кепілдендіру және қаржыландыруға 70 млрд теңге бағытталды:
-
52,8 млрд теңге – жергілікті бюджеттен
-
17,2 млрд теңге – республикалық бюджеттен
1 наурыздағы жағдай бойынша 197 жоба қолдау тауып, жалпы 18,8 млрд теңге несие берілді.
Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында:
-
135 жобаға қолдау көрсетілді (16,6 млрд теңге)
-
100 жобаға субсидия берілді (14,8 млрд теңге)
-
35 жоба кепілдендірілді (1,6 млрд теңге)
Жыл соңына дейін 200 млн теңгеге гранттық байқау өткізу жоспарлануда.
«Алматы Бизнес – 2025» аясында 8 жоба 300 млн теңгеге қаржыландырылды.
Jana Business бағдарламасы арқылы:
-
54 жоба қолдау тапты (1,9 млрд теңге)
-
Моноиндустриалды аймақтарға — 7 жылға 7% мөлшерлемемен 500 млн теңгеге дейін несие
-
Факторинг операциялары — 9,5%