Бізге жазылыңыз:

Алматы Шанхайда туристік ақпараттық алаң ашады

Алматы Шанхайда туристік ақпараттық алаң ашады

Алматы қаласының әкімдігі Қытай туристері үшін Алматыны насихаттауға бағытталған серіктестік алаңын Шанхайда ашуды қолға алды. Туристік хабтың салтанатты ашылуы 2025 жылдың маусымында Shanghai Plaza орталығында өтеді.

Келушілерге визуалды экспозициялар, мультимедиялық материалдар, туристік бағыттар мен мәдени іс-шаралар туралы кеңестер ұсынылады. Алаңның ашылуы Алматы мен Шанхай арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту жөніндегі келісімдер аясында жүзеге асырылады.

2024 жылы Алматыға 95 мыңнан астам қытайлық турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50% артық.

Ұқсас материалдар