Бізге жазылыңыз:

Алматы әкімдігі Жаңа жылға жүздеген миллион жұмсайды

Алматы әкімдігі Жаңа жылға жүздеген миллион жұмсайды
Мәселен, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы көшелерді безендіруге178,5 млн, биіктігі 22 және 19 метрлік үш шыршаны безендіруге тағы шамамен 70 млн теңге бөлуді көздеп отыр. Ашық конкурс осы аптада жарияланды. Өтініш қабылдау 21 қарашада аяқталады.

Айта кетейік, былтыр 22 метрлік бас шырша Республика сарайы алдына орнатылған.

Бұған қоса, мегаполис аудандары да мерекелік безендіруге қыруар ақша жұмсағалы отыр. Қазірдің өзінде жаңа жылдық безендіруге Алмалы ауданы147,5 млн, ал Түріксіб ауданы 178,5 млн теңге бөлетіні мәлім болды.

Алматыда сегіз аудан бар екенін ескерсек, Қазақстанның ең ірі қаласының Жаңа жылдық шығыны 1,5-2 млрд теңге болуы мүмкін. Басқа да аудандар әзірге тапсырыс беріп үлгерген жоқ. Қазірдің өзінде 580 млн теңгеге байқау жарияланды.

 2024 жылы Алматы әкімдігі Жаңа жылға қала безендіруге 800 млн теңге жұмсаған еді. 

Ұқсас материалдар