Бізге жазылыңыз:

Активтердің жартысын 2026 жылы сатып алу керек - Премьер-Министр

Активтердің жартысын 2026 жылы сатып алу керек - Премьер-Министр
- Кәсіпкерлік бастаманы кеңейту және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шарттарының бірі – мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімге шаққанда 13,7% болып отыр. Биыл жекешелендірудің 2025-ші жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру аяқталады. Оңтайландырудың 2030 жылға дейінгі жаңа жоспары бекітілді. Онда отын-энергетика, өнеркәсіп, көлік және байланыс салаларындағы, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік компаниялар қамтылған, - деді ол.
Олжас Бектенов Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офистің негізгі міндетін атады.

- Әкімдіктерге, мемлекеттік органдар мен компанияларға жаңа жоспарға енгізілген активтердің кем дегенде жартысын 2026 жылы сатуды қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстарды қазірден бастауды тапсырамын. Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оңтайландырумен қамтылмай қалған салаларға талдау жүргізуді жалғастырсын, - деді Үкімет басшысы.

Ұқсас материалдар