
– Биыл «айналым схемасы» шеңберінде 44,4 млн теңгеге 300 тонна бірінші сұрыпты бидай ұнын, 52,2 млн теңгеге 195 тонна макарон өнімдері (рожки) сатып алынады. Сонымен бірге 325 тонна тауық етін жеткізушілер анықталды. Оған 400 млн теңге бөлінді, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасы.
Ақтөбеде 2018-2023 жылдар аралығында 4,5 млрд теңге қаражат бөлініп, тұрақтандыру қоры жасақталды. Содан бері көкөніс те сақталады.
– Картоп және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылдың күзгі егін өнімінен маусымаралық кезеңге (желтоқсан-сәуір) жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріден («Пригородный» ЖШС, «Болат ЛТД» ЖШС, «Арман» ШҚ) 3900 тонна картоп, 338 тонна пияз, 412 тонна қырыққабат, 321 тонна сәбіз сатып алуға форвардтық келісімшарт жасалды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.
Айта кетейік, жыл басында Ақтөбеде картоп 100 теңгеге қымбаттап кетті.
Ақтөбе әкімдігі картоп бағасының көтерілу себебін түсіндірді. Өңірге картоп өзге облыстар мен Ресейден әкелінеді. Баға да өндірушілерге тәуелді болып тұр.