
Ақтау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, электр энергиясын өндіретін зауыт салу жобасы қарастырылуда. Жоба бойынша зауыт тәулігіне 200 тоннаға дейін қалдық өңдеп, жылына шамамен 26,5 млн кВт⋅сағ электр энергиясын өндіре алады.
Нысанда қуаттылығы 7 МВт болатын қазандық орнатылады, ал қалдықтарды өңдеу заманауи және қауіпсіз технологиялар арқылы жүргізіледі.
Инвестор ретінде жобаны «Lester Invest Group» ЖШС ұсынды. Маңғыстау облысының әкімі жобаның өңір экологиясы мен энергетикасы үшін маңыздылығын атап өтіп, қолдау білдірді. Кездесу барысында тараптар әріптестік жөніндегі меморандумға қол қоюға келісті.
2020–2023 жылдары аралығында Ақтауда жыл сайын 85 мыңнан 94 мың тоннаға дейін тұрмыстық қалдық жиналған. Оның 75%-ына жуығы энергияға айналдыруға жарамды.