Бізге жазылыңыз:

Ақтауда 10 мың адамға арналған заманауи стадион салынады

Ақтауда 10 мың адамға арналған заманауи стадион салынады
– Жобаны «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС өкілдері таныстырды. Жоспар бойынша Ақтауда 10 000 көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтереді. Жаңа спорт нысаны заманауи талаптарға сай салынып, футбол академиясымен жабдықталады. Мұнда спортшыларға қажетті барлық жағдай жасалып, оқу-жаттығу алаңдары, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық пункт пен жаттығу залдары қарастырылады, - делінген хабарламада.

Жобалау жұмыстары келесі жылы толық аяқталып, құрылыс кезеңіне өту жоспарланған. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жобалау-іздестіру жұмыстарын бақылауда ұстауды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бұған дейін, Маңғыстауда 90 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Ұқсас материалдар