
Абай облысында орман өрті салдарынан зақымданған ағашты терең өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі редакция сұранысына жауап ретінде хабарлады.
🔹 Қазіргі уақытта екі отандық компаниямен келіссөздер жүргізілуде. Жоба бойынша құжаттар Инвестициялар комитетіне тапсыру үшін дайындалып жатыр.
🔹 Алдын ала есеп бойынша жобаның құны 15 млрд теңгені құрауы мүмкін. Нақты сома инвестициялық келісімшартта көрсетіледі.
Шикізат ретінде 2022–2023 жылдардағы ірі орман өрттерінен кейін қалған ағаш қалдықтары пайдаланылады. Жалпы көлемі — 10 млн текше метрден астам, соның ішінде:
-
Қостанай облысында — 4 млн м³
-
Абай облысында — 6 млн м³
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайынғы рұқсат етілетін ағаш кесу көлемі 2,5 млн м³ шамасында.
🔧 Зауытты 2024 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, БАӘ мен Қазақстанның бірқатар компаниясы жобаның экономикалық тиімділігін бағалауда. Сондай-ақ, Болгария, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Латвия елдерінің инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.