Бізге жазылыңыз:

Абай облысында микрочиптер мен электроника өндіретін индустриялық парк салынады

Абай облысында микрочиптер мен электроника өндіретін индустриялық парк салынады

Абай облысының Семей қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында жаңа өндірістік парк салынып жатыр. Жоба аясында чиптер, оптоэлектрондық модульдер, интеллектуалдық хост-контроллерлер, қуат көздері, үнемді шамдар мен электрондық дисплейлер өндірісі жолға қойылады.

50 млн доллар көлемінде бағаланған инвестициялық жоба үш кезеңде жүзеге аспақ. Құрылыс кезеңінде 140 адам жұмысқа тартылып, өндіріс іске қосылғаннан кейін 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жобаны қазақстандық-қытайлық Suto Kazakhstan компаниясы жүзеге асырады. Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын 20 гектар аумақта орналасады. Алғашқы кезеңде негізгі өндірістік ғимарат пен жабдықтар цехы тұрғызылып, 90 күн ішінде алғашқы өнімді шығару жоспарда бар.

Ұқсас материалдар