Бізге жазылыңыз:

Абай облысында 1,8 млрд теңгеге құс фабрикасы салынбақ

Абай облысында 1,8 млрд теңгеге құс фабрикасы салынбақ

Өңірде жұмыртқа өндіретін жаңа құс фабрикасын салу жоспарда бар. Жобаны жүзеге асыруға отандық компания ниет білдіріп отыр. Инвестиция көлемі — 1,8 млрд теңге, ал болашақта кәсіпорында 50 адам жұмыспен қамтылмақ.

Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, нақты мерзімдер кейінірек жарияланады.

Бұл бастама құс шаруашылығын дамыту бойынша елімізде қолға алынған ауқымды жобалардың бірі саналады. Алдағы екі жылда Қазақстанда 11 жаңа құс фабрикасы іске қосылады деп жоспарланған. Жобалардың жалпы құны — 21,9 млрд теңге, ал жылдық қуаттылығы — 792 млн жұмыртқа. Барлық нысан 2026 жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Айта кетейік, Түркістан облысында жұмыртқа өндіретін екі фабриканың жұмысы уақытша тоқтатылған. Бұл — өткізу мәселелеріне байланысты. Дегенмен, өңірде жаңа жобалар ашылады деп жоспарлануда.

Ұқсас материалдар