Бізге жазылыңыз:

8 айда 18,1 млрд доллардың өңделген тауары экспортқа шығарылды - ҰЭМ

8 айда 18,1 млрд доллардың өңделген тауары экспортқа шығарылды - ҰЭМ
- Осы жылдың қаңтар-тамызында сыртқы сауда айналымы 90,1 млрд долларды құрады. Тауарлар экспорты 50,2 млрд доллар, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 18,1 млрд доллар болды. Тауарлар импорты - 40,1 млрд доллар. Әлемдік тауар нарықтарындағы төмен бағаларға қарамастан 10 млрд доллардан аса оң сауда балансы сақталады, - деді вице-министр.
Оның дерегінше, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 6,2 пайызға өсті. Бұл ретте қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа өсімнің баяулауы байқалады.

- Өсім 17 өңірде тіркелді. Ең жоғары өсім Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалды. Өндірістің төмендеуі Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Ақмола облыстарында тіркелді, - деді Азамат Әмрин.

Ұқсас материалдар