Бізге жазылыңыз:

540 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

540 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді
Нысандарды салу және іске қосу

Бүгінгі таңда жоспарланған 655 нысанның 540 медициналық нысаны пайдалануға берілді. Жобада барлығы 655 ауылдық денсаулық сақтау нысандарын — дәрігерлік амбулаторияларды, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық пункттерді салу және жаңғырту көзделген.

Бұл орталықтар бұрын медициналық көмекке тұрақты қол жеткізе алмаған 1 миллионға жуық ауыл тұрғындарын қамтуға арналған.

Инфрақұрылым мен жабдықты жаңарту

36 облыстық аурухана мен 17 перинаталдық орталық жаңартылып жатыр.
Балалар бөлімшелерінің төсек қоры 38%-ға ұлғайды, бұл балаларға стационарлық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттырды.

Соңғы екі жылда 2,1 мыңға жуық заманауи медициналық жабдық сатып алынды, бұл медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейін 62%-дан 86%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Кадрлық қамтамасыз ету

Жоба шеңберінде ауыл медицинасының кадрлық әлеуетін кеңейту көзделген:
* ауылдарға қосымша 1 100-ден астам дәрігер және 2 500 орта буын маманы тартылды;
* жас дәрігерлер үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жеңілдікті бағдарламалар және көтерме төлемдер енгізілді;
* МСАК мамандары мен арнайы бейінді дәрігерлерге баса назар аудара отырып, үздіксіз кәсіби даму жүйесі құрылды.

— «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы — тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық азамат үшін медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық қадам. Бұрын инфрақұрылымы болмаған ауылдарда немесе ескірген және жарамсыз үй-жайлардың орнына жаңа медициналық нысандар салынып жатыр. Біздің мақсатымыз — ауылдық өңірлердің тұрғындарына үйдің жанында заманауи деңгейдегі медициналық қызметтерді алу, — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Медициналық инфрақұрылымды дамыту ауыл деңгейінде ғана емес, өңірлік деңгейде де жалғасып жатыр.

Биыл Маңғыстау облысының Мұнайлы ауылында аудандық аурухананың құрылысы аяқталды.

Қызылорда қаласында 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жыл соңына дейін Риддер қаласындағы көпбейінді аурухана мен Өскемен қаласындағы гематология орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Бұл нысандарды қаржыландыру арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен қамтамасыз етілгенін атап өту маңызды.

Сонымен қатар, 32 аудандық аурухана көп бейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғыртылып жатыр. 
Бұл күрделі жөндеу, қайта құру, ауыр медициналық техниканы орнату — КТ, МРТ, ангиографтар.

Инсульт және жүрек орталықтары, медициналық оңалту, хирургия, травматология, қарқынды терапия бөлімшелері ашылып жатыр.

Аудандық ауруханаларды жаңғырту инсульт пен инфаркт кезінде «алтын сағатта» көмек көрсетуге мүмкіндік береді, бұл жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімнің 20%-ға төмендеуі, бұл 4 миллионнан астам ауыл тұрғындары үшін жоғары технологиялық көмекке қол жеткізу.

Жобаны іске асыру қысқа мерзімде қала мен ауыл арасындағы медициналық көмекке қол жеткізудегі алшақтықты едәуір қысқартуға, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық, инфрақұрылымдық және технологиялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар