PepsiCo компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Марғұлан Оспановтың айтуынша:
«2025 жылы инвестиция көлемін $360 млн-ға дейін екі есеге арттыру туралы шешім қабылданды. Құрылыстың барлық кезеңдері аяқталған соң, 2028 жылы шамамен 900 жаңа жұмыс орны ашылады. Толық қуатқа шыққан кезде жыл сайын 210 мың тонна картоп өңделетін болады».
Сонымен қатар, Премьер-министр Олжас Бектенов Алатаудағы жұмыс сапары барысында Mars Petcare Kazakhstan компаниясының үй жануарларына арналған дайын азық шығаратын зауыттың құрылыс алаңын да аралады. Жобаның жүзеге асырылуы биылдың ортасында басталмақ.





