ЖАҢАЛЫҚТАР
360 қазақстандық блогер салық төлеуге кірісті – Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмендеткені үшін 850 блогерге хабарлама жолдаған. Соның ішінде 360-қа жуық автор өз еркімен кірісін мойындап, жалпы 10,5 млрд теңге көлемінде табыс көрсеткен. Төленген салық сомасы 256 млн теңгені құрады.
Қаржы вице-министрі Даурен Темірбековтың айтуынша, өз міндетін орындамаған авторларға мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.