Бізге жазылыңыз:

2026 жылы халықты әлеуметтік қорғауға — 6,8 трлн теңге жұмсалады

2026 жылы халықты әлеуметтік қорғауға — 6,8 трлн теңге жұмсалады
— 2026 жылы халықты әлеуметтік қорғауға — 6,8 трлн теңге бағытталды. Әлеуметтік саладағы негізгі шешімдердің бірі — әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың цифрлық тетіктерін дамытуды бастау, және проактивті форматқа көшу. Бұл адами факторды азайтуға, бюрократияны қысқартып, көмек көрсетуді жеделдетуге алып келеді. Денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн теңге көзделген. Бұл биылғы көрсеткішпен салыстырғанда 107 млрд теңгеге артық. Осының арқасында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік туындайды, — деді ол.
Ведомство басшысы білім және ғылым саласына 902 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты.

— Мәдениет, туризм және спортты дамытуға 2026 жылы 263,5 млрд теңге қарастырылған. 2026 жылы экономиканың өсіміне әсер ететін шығындар шамамен 1,2 трлн теңге жоспарлануда. Бұл ретте нақты секторды дамытуға арналған қаражаттың көлемі 540 млрд теңгеге ұлғая отырып, 3,7 трлн теңгеге жетеді, — деді Мәди Такиев.

Ұқсас материалдар