
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды бақылауға қатысты жаңа критерийлерді қарастыруда. Олар жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет белгілерін анықтауға бағытталған.
Ұсынылған талаптар:
- жеке тұлға ай сайын 100 және одан да көп түрлі адамдардан ақша алуы;
- бұл жағдай қатарынан үш ай бойы қайталануы;
- қаражат кәсіпкерлікке арналмаған банк шотына келіп түсуі;
- жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан (2025 жылы – 1 020 000 теңге) асуы тиіс.
Отбасы мүшелерінен (ата-ана, бала, жұбай), жалақы мен әлеуметтік төлемдер, банкомат арқылы толтырулар есепке алынбайды.
Аталған нормалар жаңа Салық кодексінің жобасына енгізілген. Егер құжат қабылданса, өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.