
Алматы қаласының экономика басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында негізгі капиталға 541,3 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға көп.
Ең көп қаражат білім беру саласына (7,2 есе өскен), қаржы және сақтандыру (2 есе), сумен жабдықтау (1,9 есе), туризм (1,5 есе), жылжымайтын мүлікпен операциялар (+22,1%), энергиямен жабдықтау (+19,4%) және көлік-логистика салаларына (+14,7%) бағытталған.
Басқарма өкілдері бұл көрсеткіштер Алматыдағы инвестициялық портфельдің әртараптанғанын және экономика секторларына деген қызығушылықтың артқанын көрсететінін айтады. Жыл соңына дейін қала экономикасына 2,2 трлн теңге тарту жоспарланып отыр.