Бізге жазылыңыз:

2025 жылдың басынан бері 3 203 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2025 жылдың басынан бері 3 203 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2025 жылдың басынан бері тарихи Отанына 3 203 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесіне ие болды. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 151 мыңнан астам қандас қоныс аударған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қандастардың 48,1%-ы Қытайдан, 39,5%-ы Өзбекстаннан, қалғандары Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және басқа елдерден келген. Олардың 60,7%-ы еңбекке қабілетті жаста, 31,1%-ы – балалар, 8,2%-ы – зейнеткерлер.

Оларды орналастыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталған: Ақмола, Абай, Павлодар, Қостанай және т.б. 2025 жылға арналған квота – 2 309 адам. 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 642 қандас сол өңірлерге көшірілді.

Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған:
🔹 көшуге – әр отбасы мүшесіне 70 АЕК бір реттік төлем
🔹 баспана жалдауға және коммуналдық қызметтерге – ай сайын 15-30 АЕК
🔹 тұрғын үй сатып алуға – 4,56 млн теңгеге дейінгі экономикалық мобильдік сертификат

Жыл басынан бері 147 қандасқа қолдау көрсетілді, олардың 94-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Ұқсас материалдар