Бізге жазылыңыз:

2024 жылы 371 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған – Қаржы министрлігі

2024 жылы 371 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған – Қаржы министрлігі

Мәжілісте республикалық бюджеттің орындалуына қатысты есеп беру кезінде қаржы вице-министрі Даурен Темірбеков 371 млрд теңге сомасында бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғанын мәлімдеді. Осыған байланысты 73 лауазымды тұлға, оның ішінде 67 басшы жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, Ұлттық қорды басқаруда оң өзгерістер тіркелді. Қор активтері 16%-ға артып, 34,7 трлн теңгеге жеткен. Кепілдендірілген трансферт көлемі 2022 жылғы 4 трлн теңгеден 2024 жылы 2 трлн теңгеге дейін қысқарған.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әр балаға 129,38 доллар есептелді. Екі жылда бұл сома 232,94 долларға жетті.

Ұқсас материалдар