ЖАҢАЛЫҚТАР
12,6 млрд теңге қайтарылған актив: Ақмола облысында спорт кешені ашылды
Іргелес аумақта жеңіл атлетика аймағы, ойын спорт түрлері мен лақтыру пәндеріне арналған алаңдар, сондай-ақ демалыс аймақтары жабдықталған. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, қаржы министрі Мәди Такиев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкин, UFC аясында өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов болды. Айта кету керек, Kokshe Arena — қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған аймақтағы екінші спорттық инфрақұрылым нысаны. Бұған дейін облыста Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылған болатын.
Ақмола облысында Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатына барлығы 42 әлеуметтік нысан, оның ішінде 14 денсаулық сақтау мекемесі, 26 сумен жабдықтау нысаны және 2 спорт мекемесінің құрылысы жоспарланған.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын бірлесе дамытуға келісті
- 11 желтоқсан, 2025





