Елде 232 жаңа мектеп салынып жатыр, білім сапасы артып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында Үкімет орта білім жүйесін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында Үкімет орта білім жүйесін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Бүгін — Білім күні. Бүгін 360 мың бала мектеп табалдырығынан алғаш рет аттайды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 6 тамызда өткен үкімет отырысында осындай мәлімет келтірді.
Жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың барлығы «Жалпыға бірдей білім беру қоры» аясында толық қамтылды.
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылды.