Бізге жазылыңыз:

Жекелеген тауар түрлеріне ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Жекелеген тауар түрлеріне ең төменгі баға деңгейі белгіленді
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын жекелеген тауар түрлеріне қатысты қолданылатын ең төменгі баға деңгейінің жаңа мөлшерін жариялады. Ведомство мәліметінше, аталған ең төменгі баға деңгейі 2026 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін қолданыста болады.

– Комитет ЕАЭО елдерінен әкелінетін жекелеген тауарларға қатысты ең төменгі баға деңгейі қолданылатын тауарлар тізбесін және олардың мөлшерін бекітті. Бұл көрсеткіштер әр тоқсан сайын жаңартылып отырады, – делінген құжатта. 
Сонымен қатар ең төменгі баға деңгейін тоқсан сайын қайта қарау кейбір тауарлардың бағасындағы маусымдық өзгерістерге және импорттық бағалардың құбылмалылығына байланысты жүзеге асырылатыны атап өтілген. 

Оған қоса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын жекелеген тауарларға қатысты ең төменгі баға деңгейі қолданылатын тауарлар тізбесі мен оны айқындау қағидалары Қаржы министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №658 бұйрығымен бекітілген.

Ұқсас материалдар