Бізге жазылыңыз:

Ұлттық Банк шілдеде нарыққа $300 млн-ға дейін валюта сатуды жоспарлап отыр

Ұлттық Банк шілдеде нарыққа $300 млн-ға дейін валюта сатуды жоспарлап отыр

Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2026 жылдың маусымында теңге бағамы 1,3%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 479,98 теңгені құрады. Осы кезеңде KASE-дегі сауда-саттықтың орташа күндік көлемі $392 млн-нан $369 млн-ға дейін төмендеп, жалпы көлемі $8,1 млрд болды.

Маусым айында Ұлттық қордан $460 млн көлемінде валюта сатылды. Бұл валюта нарығындағы жалпы сауда көлемінің шамамен 2,6%-ын немесе күніне орта есеппен $9 млн-ды құрады. Ұлттық Банктің хабарлауынша, 2026 жылдың маусымынан бастап Қаржы министрлігіне бөлінетін трансферттер бюджеттің нақты қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады, ал оларды нарықта сату жыл соңына дейін біркелкі жүргізіледі.

Сондай-ақ маусымда Ұлттық Банк өтімділікті реттеу мақсатында жүргізілген «айналу» операциялары аясында 354 млрд теңге көлемінде қаражат тартты. Үшінші тоқсанда осы операциялар шеңберінде шамамен 1,1 трлн теңгенің валютасын сату жоспарланған.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері міндетті норма аясында $423 млн көлемінде валюталық түсімін сатты. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтеріндегі валюталық үлесті сақтау мақсатында Ұлттық Банк $92 млн сатып алды, бұл сауда-саттық көлемінің 1,2%-ына тең.

Ұлттық Банк маусым айында валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

2026 жылдың шілде айында Ұлттық қордан сатылатын валюта көлемі $200 млн-нан $300 млн-ға дейін жоспарлауда.

Ұқсас материалдар