Әзірге алдын-ала талдау жүргізіліп жатыр. Тұрақты серіктеспен барлық есеп-қисап жүргізілгеннен кейін ғана нақты шешім қабылданады. Көліктің моделі мен техникалық тұсы да сол кезде белгілі болады.
«Қазіргі кезеңде тараптар PROTON брендінің жергілікті серіктесін анықтауы, сондай-ақ қаржыландырудың ықтимал механизмдерін пысықтауы қажет. Түпкілікті параметрлер талқылау сатысында және олар тиісті процедуралардың қорытындысы бойынша анықталады», – деп толықтырды ведомстводан.
Ұлттық автомобиль брендін жасау туралы мәселе былтыр күзден бері айтылып жүр. 2025 жылы қарашада ұлттық холдинг малайзиялық Perusahaan Otomobil Nasional Sdn. Bhd. (PROTON) компаниясымен меморандумға отырған.





