Сонымен қатар Абу-Даби бағыты қайта іске қосылады, ал қазіргі Шанхай бағытына қосымша әуе тасымалдаушы қосылады.
Нұрлан Сауранбаев әуежайлардағы қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарлары туралы да айтты. Биыл Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Атырауәуежайларында кедендік бақылау аймақтарына терминалдар орнату көзделіп отыр. Бұл кедендік тексеруден өту кезіндегі кезектерді қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, Қазақстанның өзінде 9 ішкі әуе бағытын қайта іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта республика аумағында 42 ішкі рейсжұмыс істеп тұр.





