Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова төрағалық етті.
Отырыста тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қазіргі жағдай және халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері қаралды.
Кеңес барысында азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін бірнеше бағыт бойынша мәселелер талқыланды.
Байланыс және телекоммуникация саласында мобильді байланыс пен интернет сапасын арттыру, тарифтік жоспарларды өзгерту және абоненттік төлемдерді есептен шығару тәртібіне назар аударылды.
Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, санитариялық талаптарды сақтау және медицина қызметкерлерінің кәсіби этикасы мәселелері көтерілді.
Коммуналдық қызметтер бойынша тарифтердің қалыптасуы мен есептеулердің ашықтығы, есепке алу құралдарын тексеру, электр және газбен жабдықтаудың сенімділігі, сондай-ақ МИБ пен ПИК жұмысы талқыланды.
Бұдан бөлек, оқыту курстары мен білім беру орталықтарының қызметін реттеу, оның ішінде тұтынушыларға қаражатты қайтару шарттарының ашықтығы мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысында Айжан Бижанова тұтынушылардың жекелеген шағымдарын қараумен ғана шектелмей, қайталанатын заң бұзушылықтардың негізгі себептерін жүйелі түрде жою қажеттігін атап өтті.
Уәкілетті мемлекеттік органдарға азаматтардың өтініштерін терең талдау, проблемаларды шешудің тиімді тетіктерін әзірлеу және көрсетілетін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету ұсынылды.





