Бізге жазылыңыз:

Қазақстан NBS-IA бағдарламасына қосылды

Қазақстан NBS-IA бағдарламасына қосылды

Қазақстан Nature-based Solutions Innovation Accelerator (NBS-IA) халықаралық бастамасына қатысу үшін іріктеуден өтті. Іріктеу нәтижелері 17 қарашада Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-конференциясы (COP31) аясында жарияланды.

Бұл туралы Италияның Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (UNEP) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (OECD) бірлесіп ұйымдастырған «Scaling up Sustainable Infrastructure through NbS for Climate Adaptation» халықаралық іс-шарасында мәлім болды.

NBS-IA бастамасы климаттың өзгеруінен туындайтын қатерлерге инфрақұрылымның төзімділігін арттыру үшін табиғи экожүйелердің әлеуетін пайдаланатын инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған.

Бағдарламаға қатысу Қазақстанға табиғатқа негізделген шешімдерді әзірлеу мен енгізу аясындағы жұмысты кеңейтуге, халықаралық сараптаманы тартуға, сондай-ақ климаттық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін техникалық қолдау мен инвестициялық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар