Бізге жазылыңыз:

Қашағандағы жөндеу жұмысына байланысты Қазақстан мұнай экспортын азайтады

Қашағандағы жөндеу жұмысына байланысты Қазақстан мұнай экспортын азайтады

Қазақстан маусымда ресейлік порт арқылы тасымалданатын CPC Blend мұнайының экспортын тәулігіне 1,3–1,4 млн баррельге дейін азайтады. Ал мамырда керісінше рекордты 1,7 млн баррель шикізат тасымалдауы керек. Бұған себеп – Қашағандағы техникалық жөндеу жұмыстары. 

Қызығы, қазақ мұнайы тасымалын азайтып жатқанда еуропалық мұнай өңдеу зауыттары Парсы шығанағынан келетін шикізатқа балама іздеп жатыр. Қазір Ирандағы соғысқа байланысты Ормұз бұғазынан келетін мұнай тоқтады деуге болады. Соның салдарынан авиакеросин бағасы өсіп, еуропалық әуе компаниялары рейстері тоқтатып жатыр.

Осыған байланысты CPC Blend бағасы күрт қымбаттап кетті. Сәуірде барреліне 7,75 долларға бағаланған еді.

Мамырда қазақстандық CPC Blend (КТК қоспасы) мұнайы 117,96 доллардан сатылды. Бұл – қазақстандық шикізаттың Brent-ке қарағанда 16,67 долларға қымбат сатылып жатқанын білдіреді.

Ұқсас материалдар