ЖАҢАЛЫҚТАР
Жыл басынан 64,6 млрд доллардың тауары экспортқа шығарылды
- Биыл қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 116,3 млрд долларды құрады. Тауарлар экспорты 64,6 млрд доллар, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 23,3 млрд доллар болды., - деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, тауарлардың импорты 51,7 млрд долларға жетті.
- 12,9 млрд доллардан аса көлемде оң сауда балансы сақталады, - деді министр.