
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты — елдің экономикалық өсуі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыру үшін берік іргетас болатын сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе құру. — Электр энергетикасы мен жылумен жабдықтаудағы басты міндет — қуат көздерін арттыру және сенімді инфрақұрылым құру үшін жүйелі түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізу, — деді Ерлан Ақкенженов.
Президенттің тапсырмасы бойынша алдағы бес жылда 14 ГВт жаңа қуат көзі іске қосылады. Министрдің айтуынша, соңғы екі жылда оның 1,3 ГВт-ы ендігісі пайдалануға берілген.
— Биыл тағы 622 МВт іске қосылады, ал 2026 жылға шамамен 2 700 МВт жоспарланған. Осы мақсатта жаңа нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын электр стансасын салу жобасы жүзеге асырылуда. Ал Қызылордада қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа ЖЭО салу жұмыстары жүргізілуде, — деді Ерлан Ақкенженов.