Бізге жазылыңыз:

Жергілікті бюджеттерге 243 млрд теңгенің түсімі беріледі – Заң жобасы

Жергілікті бюджеттерге 243 млрд теңгенің түсімі беріледі – Заң жобасы
Мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатқан «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы жергілікті бюджеттердің түсімін 243 млрд теңгемен толықтырады. Бұл туралы депутат Нұртай Сабильянов құжатты талқылау кезінде айтты.
- Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығынан түсетін түсімдерді, мұнай секторынан басқа қоршаған ортаны қорғау саласындағы айыппұлдарды, лицензиялық алымдарды аудандық маңызы бар қалалар мен кенттердің, ауыл бюджеттеріне беру қарастырылады. Уәкілетті органның берген мәліметі бойынша жалпы түсім сомасы 243 млрд теңге болады деп жоспарланған. Бұл қаражат жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деді депутат.

Ұқсас материалдар