Бізге жазылыңыз:

Валюталық заңнаманы бұзғандарға 15,3 млрд теңге айыппұл салынды

Валюталық заңнаманы бұзғандарға 15,3 млрд теңге айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу кезінде валюталық заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

Негізгі талаптардың бірі – валютаны репатриациялау. Бұл қазақстандық компаниялардың:

  • экспорттық түсімнің Қазақстан Республикасының уәкілетті банктеріндегі шоттарға түсуін;

  • егер шетелдік жеткізуші тауарды жеткізбесе, жұмысты орындамаса немесе қызмет көрсетпесе, сондай-ақ шарт талаптарын орындамаса, аударылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті екенін білдіреді.

Яғни, шетелдік серіктес келісімшарт талаптарын орындамаған жағдайда, қазақстандық компания аударылған қаражатты өз банктік шотына қайтару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

Валюталық бақылау елдің экономикалық мүдделерін қорғауға, экспорттық валюталық түсімді Қазақстанға қайтаруға және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

МКК кәсіпкерлерге:

  • экспорттық түсімнің немесе импорт бойынша қаражаттың заңда белгіленген мерзімде қайтарылуын қамтамасыз етуге;

  • сыртқы экономикалық келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімдерін бақылауға;

  • келісімшарт талаптары өзгерсе, қосымша келісім жасап, валюталық шарт деректерін жаңартуға;

  • міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттарды сақтауға;

  • сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына, Ұлттық Банкке немесе қызмет көрсететін уәкілетті банкке жүгінуге кеңес береді.

Валюталық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында:

  • ӘҚБтК-нің 244-бабы бойынша валюталық шарттың есептік нөмірін алу және ақпарат ұсыну тәртібін бұзғаны үшін 1 116 әкімшілік хаттама рәсімделді.

  • ӘҚБтК-нің 251-бабы бойынша валютаны репатриациялау талабын орындамағаны үшін 141 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жауапкершілікке тартылып, 15,3 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ең ірі айыппұлдар:

  • Алматы қаласында9,2 млрд теңгеден астам;

  • Павлодар облысында1,8 млрд теңгеден астам;

  • Жетісу облысында1,1 млрд теңгеден астам;

  • Астана қаласында1 млрд теңгеден астам.

Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды валюталық заңнама талаптарын қатаң сақтауға, келісімшарттар бойынша міндеттемелерді уақытылы орындауға және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Ұқсас материалдар