ЖАҢАЛЫҚТАР
Түркістан облысында су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жақында аяқталмақ
— 2023 жылы еліміздегі барлық гидротехникалық нысанға түгендеу жүргізілгеннен кейін су шаруашылығын дамытуға арналған кешенді жоспар жасалды. Онда 160-тан астам іс-шара қарастырылған. Соның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жұмыстары бар. Оған қоса, министрлік 1,3 млн адамды ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2,5 мың шақырымнан астам су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы алғанда, 9 облыста 31 жоба жүзеге асырылуда,— деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.





