Бізге жазылыңыз:

Түркістан облысына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған

Түркістан облысына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған
Әсіресе, өңдеу, энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеуге басымдық беріліп отыр.Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров есептік кездесуінде айтты. Әкімнің сөзінше, жобаларды іске асыру нәтижесінде 24 мыңға жуық жұмыс орындары ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд теңге салық түседі деп күтіліп отыр.

— Биыл 340 млрд теңгеге 58 жобаны іске асырып, 8 220 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 10 айда 41 жоба іске қосылып, 5 322 жұмыс орны ашылды. Аталған бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір экономикасына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 124%-ды құрады, — деді Н. Көшеров елордада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Өзбекстанмен шекаралас өңір болғандықтан, Түркістан облысы көрші елдің тәжірибесін зерттеп, қажетті жобалары мен тәсілдерін енгізіп жатыр.

Жалпы 10 айда өңір экономикасына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 124,2 пайызды құраған.

Ұқсас материалдар