2025 жылдың қазанымен салыстырғанда қарашада мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+19,7%), Қостанай (+19,5%) және Жетісу (+14,2%) облыстарында байқалды. Ал Маңғыстау (-17,7%), Ақмола (-15,2%) және Атырау (-12,7%) облыстарында бір айдағы ең көп төмендеу анықталды.
Бір айдың ішінде көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 4,1% (1 320 мәмілеге) азайған. 2025 жылдың қараша айында пәтерлер бойынша барлығы 31 222 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (27,9%), Алматы (21,9%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,3%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың қараша айында олар бойынша 11 888 мәміле ресімделген.
Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 0,4% (34 мәмілеге) өсті. Қарашада барлығы 8 751 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+33,6%), Жетісу (+25,4%) және Абай (+11,3%) облыстарында байқалды. Ал Маңғыстау (-12,8%) облысында, Шымкент (-12,1%) қаласында және Ұлытау (-11,3%) облысында бір айдағы ең көп төмендеу тіркелді.
2025 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 1,4% өскен, ол кезде 39 421 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Жетісу облысында (31,3%) байқалды, ең үлкен төмендеу — Ұлытау облысында (-31%). 2025 жылдың қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,3% өсім байқалды.
Бір жылда (2025 жылғы қараша 2024 жылғы қарашаға) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 15,5%, қайталама нарықта пәтерлерді қайта сату бағалары 14,3% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 11,9% өсті.
Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үйдің бағасы жылдық мәнде келесі қалаларда едәуір қымбаттады:
Алматы — 19,9%,
Павлодар — 19,6%,
Қонаев — 17,5%,
Астана — 17,4%.
Қайталама нарықта баға өсімі:
Алматы (23%),
Ақтөбе (19,4%),
Павлодар (17,5%) қалаларында байқалды.
Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында:
Павлодар (36,9%),
Ақтөбе (34,3%),
Петропавл (25,6%),
Қызылорда (19,7%),
Өскемен (18,9%)
Астана қалаларында (17,7%) тіркелді.





