Бізге жазылыңыз:

Теңізде мұнай өндіру қалпына келтірілді — Энергетика министрі

Теңізде мұнай өндіру қалпына келтірілді — Энергетика министрі
Теңіз кен орнында мұнай өндіру жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті.  — Теңіз мұнай өндіруді қалпына келтірді. Тәулігіне 120 мың тоннаға дейін өндіріліп жатыр, — деді министр бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
Сонымен қатар ол кен орнының жұмысын тоқтауына себеп болған өртке қатысты мәліметтердің алдағы уақытта белгілі болатынын айтты.

— Қазіргі уақытта комиссия жұмысын аяқтап қалды. Таяуда нәтижесі белгілі болады, — деді Ерлан Ақкенженов.

Ұқсас материалдар