— Күнбағыс майы мен көкөністерге, яғни картоптың, сәбіздің және пияздың қымбаттауы байқалды. Бірақ бұл өсім 1%-ға дейінгі аралықта болды және мұны маусымдық сипатпен байланыстырамыз, - деді А. Сұлтанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сондай-ақ ол теңгенің нығаюы азық-түлік бағасына ұзақ мерзімді әсер етпейтінін айтты.
- Импорт туралы айтатын болсақ, олар циклдік сипатта болады. Доллар бағамы әлсіреген кезде, олар ескі бағаммен жеткізілген, яғни бұрынғы қалдықтарды сатуы мүмкін. Бағаға сатып алу және сақтау шығындары кіреді. Валюта нарығындағы қысқа мерзімді өзгерістер импорттық тауарлардың құнын төмендетуде елеулі әсер етпейді, - деді Сұлтанов.





