Бізге жазылыңыз:

Тауарларды бақылаудың үш деңгейлі моделі іске қосылады

Тауарларды бақылаудың үш деңгейлі моделі іске қосылады
Оның айтуынша, жоғарғы деңгей — бұл санаттар сақталатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің Жалпы жіктеуіші (мысалы, «кеңсе тауарлары» санаты). Орташа деңгей — бұл кеңсе тауарларына кіретін заттар (мысалы, қалам, оған бірегей NTIN коды беріледі және сәйкесінше картада қалам, өндіруші туралы және т. б. ақпарат болады). Төменгі деңгей — белгілі бір партия таңбаланатын тауарлардың белгілі бір түрлері бойынша таңбалау (мысалы, қаламдар саны).

— Әрбір тауардың өзінің өмірлік циклі бар: ол не шетелден елге әкелінеді, не Қазақстан ішінде өндіріледі. Тиісінше, әрбір тауарға — кеденде немесе Қазақстан ішінде NTIN беріледі. Егер шетелден әкелінсе, GTIN-мен интеграция бар. Бұл ақпараттың барлығы мемлекеттік деректер базасында жинақталады, содан кейін барлық салаларда қолданылады: мемлекеттік сатып алуларда, шот-фактураларда, чектерде, — деп түсіндірді спикер.
Каталог қазірдің өзінде фискалдық деректер операторларымен байланысты. Қазіргі уақытта базада 15 млн тауар бар. Күн сайын интеграцияланған операторлардан 10 миллион чек туралы мәліметтер келіп түседі. Бизнеспен интеграциялау үшін 11 API қызметі іске асырылды. Әсет Тұрысовтың айтуынша, бұл тауар айналымының ашықтығын, сапа мен жарамдылық мерзімін бақылауды, контрафактіге қарсы күресті қамтамасыз етеді.

Ұқсас материалдар