Бізге жазылыңыз:

ШҚО-да экс-шенеунік заңсыз казино ісімен елге қайтарылды

ШҚО-да экс-шенеунік заңсыз казино ісімен елге қайтарылды
Бас прокуратура оны Түркиядан экстрадициялады. Ол трансұлттық ОПГ-ға қатысқаны, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тергеу мәліметтері бойынша, 2015 жылдан 2016 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының бірінде басшылық қызмет атқарған күдікті ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметті қорғағаны үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алды. 

Қылмыс жасағаннан кейін, жәбірленуші 7 жыл бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болды. Өткен жылдың қаңтар айында ол Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
 
“Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық топтың басқа мүшелері бұған дейін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылғанын атап өтеміз. Айыпталған іс-әрекеттері үшін қылмыстық заңнама бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.” - Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі сөзінен.

Сонымен қатар,  «Кезекші бөлім» бағдарламасының ұжымы сіздер үшін еліміздің басқа да қылмыстық жаңалықтарын дайындады. 

Эфирде және 24.kz сайтында күн сайын жұмыс күндерінде қараңыз.

Ұқсас материалдар