Бізге жазылыңыз:

СҚО: биыл егін орағын суық ауа райы мен дизель сапасы тежеп тұр

СҚО: биыл егін орағын суық ауа райы мен дизель сапасы тежеп тұр
Былтыр жауын-шашын диқандарға қолбайлау болса, биыл суық ауа райы ораққа кедергі келтіріп жатыр. Шаруалардың айтуынша, жеңілдетілген бағамен берілген дизель отыны климатқа бейімделмеген болып шықты. 

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, көктемгі егіске және ораққа қажет дизель отынының көлемін анықтау үшін жылда желтоқсан айында шаруашылықтардан өтінімдер қабылданады. Соның негізінде биыл өңірге 120 мың тонна шамасында дизель отыны бөлінді. Оның 68,6 мың тоннасы күзгі дала жұмыстарына арналған. 

— Арзандатылған сұйық отынның литрі 254 теңге. Жалпы оператор немесе ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мен ресурс тасымалдаушы арасындағы отын сапасына қатысты дау азаматтық-құқықтық тәртіпте шешілуі тиіс.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігіне бірнеше рет хат жолданды. Онда біздің өңірдің ерекшелігі ескеріліп, төмен температура мен жоғары ылғалдылық жағдайында егін жинау жұмыстарына жарайтын дизель отыны қажет екені айтылды, — дейді басқарма басшысы Дәурен Тоқужинов.

Ұқсас материалдар