Бізге жазылыңыз:

Сапасыз өнімдердің енуіне жол ашатын «сұр» сертификаттар көбейіп барады

Сапасыз өнімдердің енуіне жол ашатын «сұр» сертификаттар көбейіп барады

Қазақстанда сапа сертификаттарын шетелде, нақты тексеріссіз рәсімдеу тәжірибесі кең таралған. Ортақ экономикалық кеңістікте, әсіресе Қырғызстан арқылы, күмәнді өнімдердің жаппай тасымалы орын алуда.

Мәжіліс депутатының айтуынша, бір ғана компания 2024 жылы 6 млрд теңгеден астам табыс тауып, 1100-ден астам сертификатты бір оператор арқылы рәсімдеген. Бұл өнімдер қатарына тұрмыстық техникадан бастап ауыл шаруашылық құралдарына дейінгі түрлі тауарлар кіреді.

Осылайша, жалған сертификаттармен мемлекеттік сатып алуларға қатысу фактілері көбейіп, бюджет шығынға ұшырап отыр. Депутат бұл мәселені ЕАЭО деңгейінде қарастырып, бірыңғай реестрлердің ұлттық бөліктерін ашуды ұсынды.

Ұқсас материалдар