ЖАҢАЛЫҚТАР
Самұрық-Қазына елордадағы 6,5 мың қызметкерінің 10 пайызын қысқартады
Самұрық-Қазына қоры елордадағы 6,5 мың қызметкерінің 10 пайызын қысқартады. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов айтты. — Біз әкімшілік-басқарушылық қызметкерлерді 10 пайызға қысқартамыз. Барлық корпоративтік шешім қабылданды. Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істеп жатырмыз және наурыз айының соңына дейін бұл шешім толық жүзеге асырылады деп ойлаймын, — деді ол Ақордада.
Оның айтуынша, Самұрық-Қазына қорының Астанадағы қызметкерлерінің саны — 6,5 мың адам.
— Сондықтан біз 650-дей адамды қысқартамыз, — деп нақтылады Нұрлан Жақыпов.