Бізге жазылыңыз:

Qnet қаржы пирамидасы бойынша үкім шығарылды

Qnet қаржы пирамидасы бойынша үкім шығарылды

Қызылорда облысында Qnet компаниясының қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Анықталғандай, айыпталушылар азаматтарды жалған туркарталар мен әшекейлерді сатып алуға, сондай-ақ жаңа қатысушыларды тартуға үгіттеген. 51 адам тартылып, жалпы салынған қаражат 63 млн теңгеден асты.

Сот оларды кінәлі деп танып, 6-7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, 301 млн теңге тұратын мүлік тәркіленді: Астанадағы 7 пәтер мен Toyota Camry көлігі.

Бұған дейін Qnet пирамидасын ұйымдастырған азаматқа 6 жыл жаза кесілген болатын. Ол Ақмола облысының бірнеше қаласында желіні кеңейтіп, азаматтарды жоғары табысқа сендіріп, несие алуға итермелеген. Бірақ салымдардың қайтарымы тек жаңадан қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асқан. Төлемдер салынған соманың 10–15%-ын ғана құраған.

Ұқсас материалдар