Премьер-министр поручил ускорить подготовку регионов к отопительному сезону
В Казахстане усиливают контроль за подготовкой энергетической инфраструктуры к предстоящему отопительному сезону. На заседании правительства Премьер-министр Олжас Бектенов поручил акиматам обеспечить готовность теплоисточников, сетей и энергопредприятий, а также оперативно реагировать на резкое похолодание.
По словам главы правительства, энергетические предприятия уже приступили к оформлению паспортов готовности к зиме. Акимам поручено лично участвовать в работе комиссий, оценивающих состояние объектов энергетики.
«Қазір энергия кәсіпорындарының жылыту маусымына әзірлік паспорттарын алу жұмыстары басталды. Әкімдерге энергия нысандарының қыс мезгіліне дайындығын бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына тікелей қатысуды тапсырамын. Энергия көздерінің, жылу және электр желілерінің жай-күйін тұрақты негізде тексеріп, жөндеу жұмыстарының барысы мен қажетті материалдық ресурстардың болуын бақылауда ұстау қажет. Әзірлік паспортын алмай тұрып, жылыту маусымын бастап кететін болса, тиісті басшылар жауапкершілікке тартылады», — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр энергетикалық объектілердегі жөндеу жұмыстарының аяқталуын ғана емес, қажетті материалдар мен ресурстардың жеткілікті болуын да бақылауда ұстауды тапсырды. Әзірлік паспорты жоқ нысандарды жылыту маусымына жіберуге болмайтынын ескертті.
Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктеріне жылу көздері мен желілеріндегі жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау міндеті қойылды. «Самұрық-Энерго» компаниясы қолданыстағы объектілерді жаңғыртумен қатар, жоспарланған жаңа қуаттарды іске қосуы тиіс. Ал KEGOC электр желілері мен қосалқы станцияларды жөндеу кестесінің орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
«Жалпы Энергетика министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жылу көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын. «Самұрық-энерго» жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталуын ғана емес, жаңа қуаттарды іске қосуды да қамтамасыз етсін. KEGOC компаниясы желілер мен қосалқы станцияларды жөндеудің бекітілген кестесін орындауға тиіс. Жылыту маусымын белгіленген мерзімде бастау қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.
Өңірлердегі дайындық деңгейі де назардан тыс қалмады. Бектенов бірқатар әкімдіктерде анықталған мәселелерді созбалаңға салмай шешуді тапсырды. Сонымен бірге билік органдары ауа райының құбылуына және температураның төмендеуіне алдын ала дайын болуы қажет.
«Артта қалған әкімдіктерге орын алған мәселелерді тез арада жою қажет. Жылу беру маусымын кестеге сәйкес бастау керек, сонымен қатар ауа райының өзгеруі мен күннің суытуына қатысты уақтылы әрекет ету керек», — деді Премьер-министр.





