Бізге жазылыңыз:

Петропавлдан Мысырға тікелей рейс қайта жанданды

Петропавлдан Мысырға тікелей рейс қайта жанданды
Қазақстандық әуе компаниясының ұшағы енді әр он күн сайын екі елді байланыстырмақ. Бортта 213 орын бар, алғашқы сапарға 208 жолаушы аттанды. Ұшу уақыты шамамен 7 сағат.

— Шарм-эш-Шейх қаласына біздің әуежайдан бірер жыл бұрын ұшақтар қатынады. Кейін белгілі себептермен тоқтап қалды. Рейсті қайта жолға қою мәселесі ұзақ уақыт қаралды. Әуе компанияларымен талқыладық. Жанар-жағармай кешенін жаңғыртып, нәтижесінде алыс сапарға шығатын әуе кемелеріне қосымша жанармай құю мүмкіндігі туды.

Бұл чартерлік рейс болғанымен, тұрақты түрде ұшады. Сұраныс бар, — дейді «Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» ЖШС директорының орынбасары Уәлихан Жылысбаев.
Қазір бұл бағытқа қызығушылық қайта артып отыр.

— Петропавлдан 2020 жылы да Мысырға демалуға ұшқан едім. Билет бағасы қолжетімді, әрі тура рейс, ұшаққа отыру үшін басқа қалаға барып қажет емес, үнемді, әрі ыңғайлы, — дейді жолаушылардың бірі.

Ұқсас материалдар