
— Шарм-эш-Шейх қаласына біздің әуежайдан бірер жыл бұрын ұшақтар қатынады. Кейін белгілі себептермен тоқтап қалды. Рейсті қайта жолға қою мәселесі ұзақ уақыт қаралды. Әуе компанияларымен талқыладық. Жанар-жағармай кешенін жаңғыртып, нәтижесінде алыс сапарға шығатын әуе кемелеріне қосымша жанармай құю мүмкіндігі туды.
Бұл чартерлік рейс болғанымен, тұрақты түрде ұшады. Сұраныс бар, — дейді «Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» ЖШС директорының орынбасары Уәлихан Жылысбаев.
Қазір бұл бағытқа қызығушылық қайта артып отыр.
— Петропавлдан 2020 жылы да Мысырға демалуға ұшқан едім. Билет бағасы қолжетімді, әрі тура рейс, ұшаққа отыру үшін басқа қалаға барып қажет емес, үнемді, әрі ыңғайлы, — дейді жолаушылардың бірі.