ЖАҢАЛЫҚТАР
Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасын қаржыландыру үшін KASE-ке 50 млрд теңге тартты

Бір облигацияның номиналы 1 000 теңгені құрады. Сауда-саттық қорытындысы бойынша кірістілік ставкасы жылдық 16,5% деңгейінде анықталды. Облигациялардың айналыс мерзімі-5 жыл, купон жылына екі рет төленеді.
Банкте атап өткендей, 2025 жылы "Наурыз" бағдарламасына 12 мың қазақстандық қатысты. Биылғы жылы қаражат тартудың жалпы көлемі 200 млрд теңгені құрайды, облигациялар бірнеше траншпен орналастырылатын болады. Әзірге сауда-саттыққа тек заңды тұлғалар қатысады, бірақ болашақта жеке тұлғаларды да тарту жоспарлануда.
Сондай-ақ, Отбасы Банкі өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлеріне бағытталған "Наурыз жұмыскер" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Отбасы Банкінің 2,1 млн астам салымшысы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Әрбір төртінші салымшы ең жоғары соманы – 147 680 теңге алды, бұл 200 АЕК (2024 жылғы бағам бойынша 738 400 теңге) шегінде жинақтардың 20%-на сәйкес келеді.