ЖАҢАЛЫҚТАР
Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредит беру үшін 102,7 млрд теңге тартты

Облигациялардың айналым мерзімі – 5 жыл. Купонды төлеу кезеңділігі – жылына 2 рет.
Банк облигацияларын сатып алудың артықшылығы – бұл Отбасы банкінің ҚР қаржы агенттіктерінің тізбесіне кіретіндігіне, сондай-ақ облигациялардың KASE «ресми» тізіміне енгізілуіне байланысты купондық сыйақы үшін салық салудың болмауы. Сонымен қатар банктің облигациялары репо МҚҮО (Эмитенттің мемлекеттік қатысу үлесі бар облигациялары) себетіне енгізіледі және олар бойынша маркет-мейкердің болуы болжанады.
Бұған дейін Отбасы банк 85,72 млрд теңге тартқан болатын. Бұл қаражатқа 4 000-нан астам қазақстандық жанұяға қарыз берілді. «Наурыз» бағдарламасы бойынша 2 702 қазақстандық тұрғын үй алды, тағы 1 566 жұмысшы кәсіп өкілдері «Наурыз жұмыскер» жаңа бағытының арқасында баспаналы болды.
Ең көп қоныстой Астанада аталып өтті – онда 1 116 қарыз берілді. Алматыда «Наурыз» бағдарламасының 562 қатысушысы тұрғын үй сатып алды, Шымкентте 367 қарыз берілді.
«Наурыз жұмыскер» бағыты бойынша қол жетімді несиелердің 60%-дан астамын өнеркәсіп және құрылыс салаларындағы жұмысшы кәсіптерінің өкілдері алды, қарыздардың 21%-ы көлік саласының өкілдеріне және 13%-ы энергетика саласының қызметкерлеріне берілді.
– Отбасы банктің облигациялары – әлеуметтік мәртебеге ие. Бұл облигациялар – жоғары кірістілік пен эмитенттің төмен тәуекелінің сирек үйлесімі, сондықтан инвестор ретінде жеке тұлғалардың саудаға қатысуы бізді қуантады. Одан бөлек, бұл қаражат сол күні-ақ клиенттерге жетті. Бүгіннің өзінде 12 заем берілді, - деп атап өтті Отбасы банктің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Отбасы банк әлеуетті инвесторлар үшін сенімді эмитент саналады. Бүгінде ол елдік деңгейінде (BBB, болжам «Тұрақты») Fitch агенттігінен және Baa1, болжам «Тұрақты», деңгейінде Moody’s Investors Service агенттігінен жоғары кредиттік рейтингіні, сондай-ақ, халықаралық рейтингтік агенттік Sustainable Fitch-тен «3» деңгейінде және «55» бағалауымен ESG рейтингісін алған.
Банктің кредиттік портфелінің сапасы өте жақсы, бұл 0,12% мөлшерінде NPL төмен деңгейімен расталады (банк секторындағы NPL орташа мәні 3,37% деңгейінде). 2025 ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша Отбасы банк активтері және меншікті капиталы бойынша ЕДБ арасында 4-орынды иеленеді.
Биылғы «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың тізімі 12 000 қазақстандықтан құралады. Оның 4 577-сі немесе 38,1%-ы тұрғын үйге кезегінде тұр. Кезекте тұрғандардың жартысына жуығы халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.
Бағдарлама азаматтардың арасында жоғары сұранысқа ие болғандықтан, осы жылы оның шеңберінде қарыз беру қаржыландыру жоспарынан оза жүруде. Сондықтан банк маусым мен шілде айларында қарыз беруге уақытша лимит қоюға мәжбүр болды. Осы кезеңде «Наурыз» бағдарламасы және «Наурыз жұмыскер» бағыты бойынша қарыздарды тек кепіл шартын тіркеп, кесте мен қарыз шартына қол қойған адамдар ғана алды. Бағдарламаға қатысқан осындай 275 адамның барлығына несие берілді.
2025 жылғы 13 тамыздан бастап Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы және «Наурыз жұмыскер» бағыты бойынша қарыздар беруін қайта бастады.